Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКЕ ПАРЫЗЫ

c 10:39, 23/04/2023 c 158

0:00 / 0:00

Қазақстанда алимент төлеуден қашып, табысын азайтып көрсететін әкелер көбейді. Енді бірінің алимент төлеуге шамасы келмей жатады. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың мәліметінше, алимент төлеуден жалтарып жүргендер бойынша қазір 273 мыңнан астам іс өндірісте. Баласының алдындағы парызын өтемей жүрген алимент төлеушілердің қарызы 12,8 миллиард теңгені құрап отыр. Депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында алиментті өндіріп алу сомасы күн көріс деңгейінен төмен болмауы керек және мемлекеттік алимент қорын құру қажет деді.

Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы республика бойынша алиментшілердің берешегі 14 миллиард теңгені құраған. Алиментті төлемей жүрген 16 мың ерге Қазақстанның аумағынан шығуға рұқсат жоқ. Бүгінде алиментшілердің саны 80 мыңнан асып кеткен. Алименттен жалтарып жүргендердің көбісі Астана мен Алматы қалаларында тұрып жатқандар. Ал депутат Магеррамовтың дерегінше, алимент берешегі бойынша қазір 273 мыңнан астам іс өндірісте. Ағымдағы жылы баласының алдындағы парызын өтемей жүрген алимент төлеушілердің қарызы 12,8 миллиард теңгені құрап отыр.

МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Соңғы мәліметтерге сәйкес, алимент төлеуден жалтарып жүргендер бойынша қазір 273 мың 136 іс өндірісте. Баласының алдындағы парызын өтемей жүрген алимент төлеушілердің қарызы 12,8 миллиард теңгені құрап отыр. Үш ай бойы алимент бойынша қарызы барлар, жалтарып жүргендер болып есептеледі».

Өкінішке орай, туған баласының алдындағы әкелік парызын өетуден қашып жүргендердің ішінде алиментті аз төлеу үшін кірісін жасыратындар да бар. Түрлі айла-тәсілдермен заңды айналып өтетін алиментшілер көп. Олар мүлкін немесе бизнесін өзге адамның атына тіркеп, жалақысы төмен жұмыстамын деген анықтама да жасап алады. Магеррамов үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында алиментті өндіріп алу сомасы күн көріс деңгейінен төмен болмауы керек және мемлекеттік алимент қорын құру қажет деді.

МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Біздің ойымызша, алимент сомасы өндіріп алу барысында ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен боламуы керек. Әділетсіз тәжірибені жоятын уақыт жетті. Алимент төлеуші 5 мың теңге төлесе, алиментін өтемей жүргендер қатарынан шығарылады деген дұрыс емес. Біз шетелдердегідей мемлекеттік алимент қорын құруды ұыснамыз. Бұл балаға жасалған мемлекеттік көмек болар еді».

Баласына тапқан табысының белгілі бір бөлігін қимай жүрген әкелер бәрібір заңды айнлаып өте алмайды. Тиісті заңнамаға сәйкес, тіпті жұмыссыз жүрген алиментшіні де төлеуге міндеттей алады. Алиментті үш ай төлемеген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Қоғамдық жұмысқа салады немесе екі жылға дейінгі бас бостандығынан айырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.