0:00 / 0:00
Көпшілік бұл додада өзін парламенттегі оппозициялық партиямыз деп санайтын «Ақ жол» демократиялық партиясынан салмақты кандидат ұсынылады деп күткен еді. Алайда, ақжолдықтардың басым бөлігі қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауды ұсынды.
Бұдан бөлек, партияның құрылтайында Президент сайлауына Ақжолдан үш кандидат ұсынылды. Олар -журналист Сандуғаш Дүйсенова, мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және кәсіпкер Асқар Садықов. Ақжолдықтар съезд барысында ұсынылған кандидаттар бойынша жасырын дауыс берді. Нәтижесінде басым дауыспен қазіргі Президентті қолдайтын болды. шум
Бұл додаға партия серкесі Азат Перуашевтің өзі түсуі мүмкін деген болжам да болды. Перуашев партияластарынан мұндай ұсыныс түскенін айтады. Бірақ ол өз амбициясын кейінге шегеріп, қазіргі жағдайда халықаралық деңгейде салмағы бар Тоқаевтың ел басқарғаны жөн деп тапқан.
Ал партия мүшесі Бөріхан Нұрмұхаммед Ақжолдан президенттікке түскісі келген партияластарына қалай сөйлеуді үйретіп, мотивация берді.
Бұл енді болашақтың еншісіндегі мәселе. Дәл қазір «Ақ жол» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша құрылған халықтық коалицияға қосылып, Президент сайлауына бірге бармақ.