0:00 / 0:00
Зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді талап етіп жүрген бастамашы топ үкіметке келді. Бұған дейін де хабарланғандай, зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынып жүрген топ өткен аптада еңбек министрі Тамара Дүйсеновамен кездескен болатын. Олар, ауыр еңбекте жүргендер, мүгедектер мен әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді сұрағанды. Бұл мәселе соңғы жылы өте жиі көтеріліп жүр. Депутаттар да үкіметке талай сауал жолдады. Ал бүгін Үкіметке барған әйелдер қауымымен вице-министр Ералы Тоғжанов кездесіп, олардың талаптарыН қабылдап, талқылайтындарын айтып, шығарып салған.
Жыры бітпей қойған зейнет жасын төмендету туралы талапты орындау Үкіметке оңай шаруа болмай тұрған сияқты. Сансыз депутаттық сауалдар мен белсенді топтардың бірнеше ұсыныс, талаптары жолданса да, шенеуніктер нақты жауап бере алмай отыр. Тіпті үкіметте зейнеткерлікке 58 жастан бастан шығу туралы ұсынысты майшаммен қарап жатқан жұмыс тобы құрылған. Оның жұмысы жыл аяғында бірақ мәлім болмақ.
Еңбек министрлгінің табалдырығын тоздырған әйелдер қауымы бүгін үкіметке барды. Оларды вице-премьер Ералы Тоғжанов қабылдап, талаптарын тыңдап, ұсыныстарын назарға аламыз деп шығарып салған.
Наразы топ бұл мәселе жаңадан әзірленіп жатқан Әлеуметтік Кодекске енгізілуі керек деп отыр.
Шенеуніктер болса, әйелдердің талабын назардан тыс қалдырмаймыз деп сендіреді.
Үкімет алдында әйелдер қауымы шуылдап жатқанда, еңбек министрі Тамара Дүйсенова
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, жаңа «Әлеуметтік кодекс» құжатымен таныстырып шықты.
Еске сала кетейік, бұған дейін сенат депутаттары да Үкімет басшысына зейнет жасын төмендету туралы ұсынысы бар сауал жолдағанды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов осы сауалға жазбаша жауабында қолданыстағы көп деңгейлі зейнетақы жүйесін қалдыру орынды деген ұстанымын білдіріпті. Премьер де болашақта зейнетақы көлемін өсіру жоспары барын айтып жұбатқан. 2023 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу болашақта зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға айтарлықтай ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе және біздің отандық практика әртараптандырылған қаржыландыру көздері бар қазіргі көп компонентті жүйенің тұрақтылығын көрсетті. Болашақта жинақтаушы компонент зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ететін жүйенің негізгі деңгейіне айналады», - деп жазылған оның жауабында.