Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АГРОБИЗНЕСКЕ НЕ КЕДЕРГІ?

c 21:58, 16/06/2023 c 135

0:00 / 0:00

Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кәсіпкерлердің жолындағы кедергілерді жою, мемлекеттік қолдау көрсету. Бұл мәселелер бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі тері өңдеу саласын дамыту үшін үші ірі жоба іске асатынын айтты. Ал 2024 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 395 млрд теңгеге қайта өңдеу бойынша 108 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл жоғары деңгейде өңделген тауарлар өндірісінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шараларды іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайту, сондай-ақ салаға 700 млрд теңгеге дейін инвестиция тарту жоспарда бар, - деді министр. Жиын барысында сөз алған кәсіпкерлер болса, әкімдіктер тарапынан кедергілер барын айтып шағымданды. Батыс Қазақстандық «Кублей» зауытына қатысты даулы мәселе де отырыс барысында сөз болды.

Қазақстан аграрлық ел болып табылады. Нан да, ет те,сүт те, қайта өңдеуге қолданатын мал терісі мен жүнін де қолдануға болады. Бірақ отандық өндіріс бұл салада әлі де кенжелеп тұр. Ауыл шаруашылық министрлігі ірі қара малдың терісін қайта өңдеу жұмысын қолға аламыз деп сендіреді. 2022 жылы ірі қара мал терісінің өндірісі 3,4 млн дананы құрады. 14%-ы өңделіп, 5,2 пайызы экспортталды, Ал қалған 81%-ы өңделмеген қалдық болып қалды. Министрдің айтуынша, сұраныстың жоқтығынан малдың терісін өңдеп, экспорттау іске асырылған жоқ. Енді мал терісін қайта өңдеуді қолға алған кәсіпкерлерге 25 пайыздық мемлекеттік субсидия беріледі дейді ол. Ал тері мен жүнді қайта өңдеу үшін үш ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ.

Ал елімізде етті қайта өңдеп бизнесін өрлетіп отырған кәсіпорындар болса, әкімдік тарапынан жасалып отырған кедергілерден зардап шегіп отыр. Батыс Қазқастандық «Кублей» зауытының дауына әлі нүкте қойылмады. Өнеркәсіп аумағында тұрғын үй кешенін салуға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі сөгіс алды. Санитарлық аумақта үй салуға рұқсат берген шенеуніктер әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған. Алайда зауыттың тағдыры әлі шешілмей тұр. Себебі, қалалық сот Жоғарғы соттың шешімін теріске шығарып, істі қайта қарауға жіберді. Осылайша аталмыш зауыт 2024 жылға дейін ғана жұмыс істей алады. Жарты жылдан соң зауыт жабылып, 750 адам жұмыссыз қалады деп, сенаторларға шығымын жеткізді кәсіпкер.

ТАЛҒАТ БЕРЕКЕШЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕТТІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Қызметкерлерімнің жайы не болмақ? Бұл дегеніміз 750 отбасы. 31 жылдан бері жұмыс істеп жатқан қайта өңдеу кәсіпорны ішкі нарықты консервалық өніммен 65 пайызға қамтып отырмыз.Зауытты етпен қамтып отырған БҚО, Ақтөбе, Атырау өңірлерінің шаруалары пайдадан қағылады. Ай сайын 200 миллион теңге салық төлеп отырмыз»

Кәсіпорынның проблемасынан ауыл шаруашылық министрінің де хабары бар екен. Алайда, Қарашөкеев сот ісіне араласа алмаймын деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.