0:00 / 0:00
Бұған дейін Атом электр станциясы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында салынады деп хабарланған болатын. Еліміздің бас энергетигі Болат Ақшолақов қазір зерттеу жұмыстары басталып кеткенін айтады. Үкімет жыл соңына дейін АЭС құрылысына қатысты бірқатар зерттеулер жүргізуі керек. Бұл геологиямен, сумен, экологиямен байланысты зерттеулер. Төрт елдің реактор өндіруші технологиясын қарастырып жатырмыз дейді министр.
Қазақстанда АЭС салу үшін қанша қаржы жұмсалмақ? Ақшолақов әзірге жоба құны белгісіз дейді. Ал атом станцияларын салған дамыған елдерде мұндай жоба 12 млрд долларға жүзеге асырылған көрінеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай станцияны салуға ондаған жыл кетеді. Алайда, елімізде ядролық реакторды қай ел салатын әзірге белгісіз.