0:00 / 0:00
Қазақстанда Атом электр станциясы салынады деген гу-гу әңгіме он жылдан бері айтылып келеді. Соңғы жылы бұл мәселе жиі көтеріліп, бұрынғы энергетика министрі болған Мағзұм Мырзағалиев "жарықсыз отырғанша АЭС салған" дұрыс деп мәлімдеген болатын. Ал «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясы Алматы облысында салынуы мүмкін деп де жариялаған еді. Алайда, жаңа министр Болат Ақшолақов "АЭС құрылысы – бұл өте нәзік мәселе, алдымен қоғамның пікірін білуіміз керек деп отыр. Ал станцияның нақты қай жерде салынатыны туралы шешім жоқ дейді ол. Энергетика министрі бұл жайында Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Қазақстанда Атом электр Станциясын салу мәселесі 10 жылдан бері атылып келеді. Алайда, әлі күнге дейін нақты шешім жоқ. Энергетика минситрлігіне келген әр басшы әртүрлі пікір айтады. Экс-министр Мағзұм Мырзағалиев "жарықсыз отырғанша АЭС салған" дұрыс деп мәлімдегені есімізде. Ал «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясы Алматы облысында салынуы мүмкін деп жариялаған еді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан обылысы да бұл тізімде болды. Алайда, жаңа энергеткиа министрі елде Атом Электр станциясын салатын аймақ түгілі, жалпы мұндай ядролық реактордың қажеттігі бар ма деген сұраққа нақты жауап жоқ деп отыр. Ақшолақов станция салатын болсақ, халықтың пікірі ескерілетінін айтып, сендірді.
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Соның бірі – АЭС. Осы опция да қарастырылып жатыр. Бірақ бұл мәселені жан-жақты әрі мұқият зерделеу керек. Әрине, алдымен қоғамның пікірін білген жөн. Әзірше ол станцияның қай жерде салынатыны туралы нақты шешім жоқ. АЭС құрылысы – бұл өте нәзік мәселе. Сондықтан оны саламыз ба, жоқ па, әзірше ешқандай шешім жоқ»
Мамандардың айтуынша, мұндай станцияны салуға ондаған жыл кетеді. Энергетика министрі баламалы энергия көзін дамытып, зиянды көмірді тұтынуды азайту мақсаты тұр. Оған қарағанда газ таза, бірақ оның қоры шектеулі дейді. Сондай-ақ, министр елде электр энергиясы тапшылығын тудырып отырған заңсыз майнерлердің әрекеті бүкіл жүйе жұмысына әсер етіп отыр дейді. Осыған орай заңсыз қосылған майнерлерді анықтап табу жұмысы жүргізілмек.
Министрдің айтуныша, заңсыз қосылатын майнерлерден бөлек аймақтарда электр энергиясына тапшылық болмас үшін электр жүйелерінің сапасын арттыру қажеттігі туындап отыр.