0:00 / 0:00
Қазақстанда атом электр стансасы Алматы облысының Үлкен аулыының аумағында салынатын болды.Елімізде Атом электр сатансасын салу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынында айтты. Атом энергетикасын Еуропалық одақ жасыл технологиялар тізіміне қосып отыр. Еліміз табиғи уран өндіруде әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі және уранды байыту үшін мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте АЭС орналасатын орынды айқындадық және әлеуетті жеткізушілердің технологиясын зерделеп жатырмыз –деді Президент.
Қазақстанда Атом электр Станциясын салу мәселесі 10 жылдан бері талқыланып келеді. Билік нақты шешімге келген сияқты. Шетелдік инвесторлар кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баламалы энергия көзін дамыту қажеттігін сөз етті. Парниктік газ шығарындыларын төмендетудегі маңызды фактордың бірі - атом энергиясын пайдалану. Мұның үстіне жаңаратын энергетиканың тұрақсыздығы және газ генерациясының шектеулігі жағдайында әлемдік атом үздіксіз базалық генерацияның жалғыз көзі болады, - деді Тоқаев. Бұл орайда Президент Қазақстан АЭС –і салынатын орын да белгілі екенін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Қазақстанның атом энергетикасын дамытуда бірқатар нақты басымдығы бар. Ал атом энергетикасын Еуропалық одақ жасыл технологиялар тізіміне қосып отыр. Еліміз табиғи уран өндіруде әлемде бірінші орында тұр. Ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі және уранды байыту үшін мүмкіндігі бар. Қазіргі сәтте АЭС орналасатын орынды айқындадық және әлеуетті жеткізушілердің технологиясын зерделеп жатырмыз»
Ал Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС Балқаш көлі маңында орналасады. Бұл - Алматы облысындағы Үлкен ауылының төңірегі –деп хабарлады кейбір ақпарат көздеріне берген сұхбатында.
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Нақты орналасқан жері бойынша емес, орналасу аймағы бойынша ведомствоаралық комиссия жүргіздік. Бұл - Балқаш көлінің аумағы, Алматы облысы Үлкен аулының маңы. Орналастыру аймағын анықтадық. Биыл мен бірнеше рет айтқан нюанстарды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Сосын кейін нақты координаттар белгілі болады. Есептеулер басталады. Бірақ есептеулер жүргізу үшін технологияны анықтау қажет. Біз технологияны келесі жылы анықтаймыз».
Мамандардың айтуынша, мұндай станцияны салуға ондаған жыл кетеді. Алайда, елімізде ядролық реакторды қай ел салатын әзірге белгісіз. Бұған дейін үкіметтегілер әлемдегі жетекші реактор өндірушілердің технологиясын қарастырылып жатырмыз деген болатын. Олардың қатарында Ресей, Франция, Жапония, АҚШ, Қытай және Оңтүстік Корея елдері бар.