Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕНДЕРГЕ СОТ ЖАУАП БЕРМЕЙ ОТЫР»

c 17:20, 09/11/2022 c 1057

0:00 / 0:00

Мәжіліс сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Бұл құжат соттардың қызметін жетілдіруге, соттарға деген сенім деңгейін арттыруға, сот төрелігін іске асыру рәсіміне азаматтық қоғамның қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді. Себебі,бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінен әділдік іздеп, Астанаға келіп жатқан азаматтардың жанайқайына сот құлас аспай отыр дейді депутат Жаңбыршин. Сот шешіміне шағымын айтып келгендерді Президент әкімшілігі, Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Үкімет мүшелері қабылдайды да, жоғарғы сот назарға алмайды. Осылайша Жоғарғы Сот Президенттің ашық болу, халыққа жақын болу туралы тапсырмасын орындамауда дейді мәжілісмен.

Алайда, жоғарғы сот өкілі соттың атына айтылған сынмен келіспеді.

Бұл дауға мәжіліс төрағасы араласып, халықтың үніне құлақ асатын сот жүйесін қалыптастыру қажет екенін баса айтты.

Айтпақшы, халықтың шағымына құлақ аса алмайтын судьялардың жалақысы бір миллион теңгеден асады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.