Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АДАМ САУДАСЫ

c 17:24, 02/11/2022 c 917

0:00 / 0:00

Өкінішке орай әлем бойынша адам саудасына қатысты қылмыс тыйылар емес. Қазақстан тірі тауарды жеткізуші, тұтынушы және транзит елі ретінде осы келеңсіздің ортасында қалуда. Елімізде адам саудасымен күресуді көздейтін заң да жоқ. Ішкі істер министрлігі бұл мәселені енді ғана қолға алып, адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл мәселе Астанада өткен құқықтық форумда талқыланды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, 4 айдың ішінде елімізде адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталған.

Адам саудасы әлемде үшінші орында тұрған қылмыс түрі болып табылады. Мамандардың айтуынша, адам саудасына кәмелетке толмаған немесе кәрілік, жүктілік, психикалық ауруға шалдыққандар, басқа да қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар тап болып жатады. Біздің елде адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, салдарымен күрес ғана жүріп жатыр, ал оның алдын алу шарасы жоқ. Тәуекел тобына профилактикалық көмек көрсетілуі керек. Алайда, бұл проблемаға қатысты мекемеаралық жұмыс жүргізілмейді дейді омбудсмен Әзімова.

Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мәліметі бойынша сексуалдық және еңбек құрбандарының саны қылмыстық істер санынан бірнеше есе көп. Ішкі істер министрінің өзі елде адам саудасына қатысты қылмыстың алдын алумен айналысатын орган жоқ екенін мойындайды. Тіпті адам саудасының құрбандары туралы толық мәлімет жоқ. Жоғарыда айтылғандай тиісті заң жобасы қабылданса, адам саудасымен күресетін уәкілетті орган ретінде Ішкі істер министрлігі мен Еңбек министрлігі айқындалмақшы. Қалған 12 мемлекеттік орган мен әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың функциясы да нақтыланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.