Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6400 АДАМ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ

c 15:58, 01/11/2023 c 77

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылы банктердің тұтыну кредиттерінің портфелі – 9,2 трлн теңгені құрады. Бұл орайда, бір қарыз алушыға шаққандағы берешектің орташа мөлшері шамамен 1,5 млн теңгені, ал проблемалық тұтыну кредиттері бойынша – 1 млн теңгеге жетті. Халықтың 80 пайызы несие алған. Осылайша, қазақстандықтар несиеге белшеден батып, арасында банк алдындағы қарызы өтей алмай жатқандар баршылық. Премьер-министр халықтың шамадан тыс кредит алуы үлкен әлеуметтік-экономикалық проблемаға айналып барады деді.

Өздеріңізге мәлім, осы жылдың наурыз айында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң күшіне енгенді. Содан бері өзін банкрот деп жариялауға 70 мыңға жуық арыз түскен. Бүгінде 6 400 адам банкрот деп танылды. Ал олардың берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрайды.

Сарапшылар халықтың шамадан тыс кредиттелуіне табыс көлемінің аздығы себеп. Қазақстанда орташа жалақы көлемі 360 мың теңгені құрағанымен, бұл көлемді айлық алатындар көп емес. Бұған дейін Президенттің өзі қазақстандықтардың жартысы 50 мың теңге алады дегенді. Биылдан бастап елімізде оның көлемі артып, 1 млн. 800 мың адам 70 мың теңгені ең төменгі жалақы алып отыр. Мұндай табыс тамағына жетпей отырған қара халық несиеге азық-түлік сатып алып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.