Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

63 МЛН. ТЕҢГЕ ТАҒЫ ДА «ХАБАР» АРНАСЫНА БҰЙЫРДЫ

c 09:48, 28/02/2023 c 106

0:00 / 0:00

16 наурызда өтетін саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге 63 млн теңге бөлінді. Бұл сома тағы да «Хабар» телеарнасына бұйырды. Былтырғы Президент сайлауында дәл осынша қаржыға аталмыш арна телевизиялық дебат өткізген болатын. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, ақпарат министрлігі осы телеарнаны бекітіп отыр. Ал «Хабар» телеарнасының өкілі үшін бұл соншалықты көп ақша емес. Олар дебат кезінде осы қаржыға Led экранды жалға алмақшы.
Мәтін. Сайлаудың ауылы да алыс емес. Парламент мәжіліс мен маслихаттардың сайлауында барынша көп дауыс жинауға жанын салып жатқан үміткерлердің үгіт-насихаты жүріп жатыр. Таудай уәде беріліп отыр. Ең бастысы халық дауысын жинап алған болашақ депутаттар осы уәдесін ұмытып кетпесе игі. Еске сала кетейік, бұл сайлауды өткізуге қазынадан 33,4 млрд теңге бөлінді. Ал осы миллиардтардың ішінен 63 миллион теңгені тағы да «Хабар» телеарнасы қанжығалады. Парламент сайлауының телевизиялық дебаты 16 наурызға белгіленді. Өткен жылғы Президент сайлауында да «Хабар» арнасына осынша қаражат бөлінген болатын. «Хабар» телеарнасының өкілі үшін 63 млн теңге көп ақша емес екен. Жиенқұлов мырза, өткен сайлауда теледебатқа қолданылған декорациялар бұл сайлауда қолданылмайды дейді.

Ал бұл сайлауда бір үміткер Мәжіліс және мәслихат депутаттығына қатар түсе ала ма деген сұрақ туындайды. Себебі, билік партиясының үміткері екі мандатқа да таласып жатқан дерек бар. ОСК мүшелерінің айтуынша, бұл заңға қайшы емес. Бір үміткер екі мандат бойынша да сынға түсе алады. Егер Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде түсіп жатса, сонымен қоса мәслихат депутаттығына да қатар бағын сынай алады. Бірақ, кандидат екітүрлі емес, бір ғана округтен түсуі тиіс. Екеуінен де тиісті дауыс жинаса, таңдаған мандатын алады.

Тағы бір жаңалық бұл жолғы сайлауда Мәжіліс депутаттарына дауыс беруге арналған бюллетень көлемі өзгерді. А5 қағазын қолдана отырып, бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы болады. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Ал депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан асып кетсе, бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі,- деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Оның айтуынша, Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауында 12 миллионнан астам адам дауыс береді деген болжам бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.