Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5G ҚОСЫЛСА ТАРИФ ӨСУІ МҮМКІН

c 10:16, 28/12/2022 c 261

0:00 / 0:00

5G енгізу тариф құнын өсіру арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бұл жайында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов БАҚ өңілдерімен өткен баспасөз маслихатында айтты. Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Қазақстанда алғаш рет 5G үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткен еді.

Қазақстанда 5G технологиясын қосу мәселесі көптен бері айтылып келеді. Өткен аптада цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін тарихи күн. Біз алғаш рет – мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізудеміз!» деп сүйніші сұрағанды. Жеңімпаз болып «Кселл» және «Мобайл Телеком Сервис» компаниялары танылды. 5G үшін радиожиіліктерге арналған аукционның қортындысы бойынша республикалық бюджетке жіберілген сома 156 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат интернет сапасын көтеруге арналған жаңа ұлттық жобаны іске асыруға бағытталады деп жазды министр Мусин. Алайда, бәсекелестікті қорғау агенттігі елімізде тұңғыш рет өткен 5G үшін ашық аукционның нәтижесінде мобильді байланыс монополияланып отыр деп есептейді. Сондай-ақ, 5G енгізу тариф құнын өсіру арқылы жүзеге асуы мүмкін дейді агенттік төрағасының орынбасары.

РУСТАМ АХМЕТОВ – ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Конкурс қорытындысы бізді толық қанағаттандырмайды. Бірінші кезекте монополияландыру тәуекелдерін көріп отырмыз. Сол сияқты нарықта жеке оператордың пайда болу мүмкіндігінен айрылдық. Екіншіден, жеке инвестициядан қағыламыз, өйткені бұдан әрі 5G бойынша инвестиция құюды мемлекеттік компания жүзеге асырмақ. Үшінші қауіп 5G-ді енгізу тариф құнын көтеру есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы орайда, бұған жол бермеу үшін біз жалпы жағдайды, оның ішінде операторлардың тариф бағасына қатысты әрекеттерін бақылауда ұстаймыз».

Сондай-ақ, Ахметов 5G енгізу бойынша құзырлы министрлікке агенттік атынан ұсыныстар жіберілгенін айтты. Ал осы аукционда жеңіске жеткен компаниялар бес жылдың ішінде 3500 базалық байланыс станциясын салып, еліміздің 20 қаласында 5G енгізуі тиіс. Алайда, құрылысқа 160 млрд теңге инвестиция қажет. Бұл дегеніміз бір облыстың екі жылдық бюджеті. Аталған шығын нәтижесінде 5G –ге қосылсын, қосылмасын ұялы байланысты қолданушылардың қалтасына салмақ түсіретіні сөзсіз. Бұл дегеніміз операторлар ұялы байланыс тарифін 40 пайызға көтеруі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.