Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

58 млд. теңгеге салынған су станциясы

c 14:49, 04/01 c 75

0:00 / 0:00

Астана тұрғындарының саны артқан сайын, тұрғын үй кешендері де жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап салынып жатыр. Алайда, үй салуға рұқсат бергенімен, инфрақұрылым екінші орында қалуда. Салдарынан соңғы жылдары астаналықтар су тапшлығына тап болды. Өткен жылы әкімдік суды бекітілген графикпен берген кезі де есімізде. Судан сусаған тұрғындар көшеге шығып, жолдарды жапқанды. Су проблемасы қаланың сол жағалауында бой көтерген тұрғын кешендерінде орын алды. Ал Астана су арнасы мұнша тұтынушыны қамти алмай қалды. Шикі суды тартып, оны фильтрден өткізіп, барлық зиянды заттарды жойып барып тұтынушыларға жолдайтын бұл су станциясының құны 58 млрд. теңгені құрайды. Бұл дегеніміз 125 млн доллар.Елордада бой көтерген су станциясына бас сұққан депутаттар замануи технологиямен салынған нысанның бағасына емес, сапасына таң қалу керек деп отыр.

Аталған су станциясы енді сол жағалаудың су проблемасын толық шешеді деп сендіреді жергілікті билік. Осы нысанды салған компания өкілі Еуропа, АҚШ және Ресейдің технологиясын қолдандық деп отыр.

МЕЙІРЖАН МӘЙКЕНОВ – «КАЗСТРОЙСЕРВИС» АҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Жобаға тапсырыс берген-Астана әкімдігі. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.Біз 2021 ж қазанында станция құрылысын бастап,2023 ж желтоқсанында аяқтадық. Бұл қаржыға тек станция нысаны ғана кірмейді.17 мың шаршы метрді құрайтын құрылысқа 23 шақырымдық су тарту құбыры кіреді.Осы зауыттан сол құбыр арқылы Тұран көшесіне дейін тазартылған су жіберіледі

Ал ғалым және кәсіпкер Бейбіт Сұлтанбаевтың пікірінше, Астанада салынған үшінші су станциясының құны тым қымбат. Мысалы, тура осындай станция Қостанайда үш жыл бұрын бой көтерген. Тәулігіне 100 мың куба метр су шығаратын станция 10 млрд теңгеге салынған. Елордадағы үшінші су станциясы оның алдындағы екі станция сияқты ескі технологияны қолданады дейді ол. Ең бастысы нысанның құрылысына конкурс өткізілмеген. 2021 жылы үкіметтің қаулысы қабылданған. Ол бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған қаулы болған. Онда мердігер, техникалық және авторлық бақылау да көрсетілген. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңда мұндай қаулымен бір көзден сатып алуға рұқсат беретін норма бар. Бұл қаулы қызметтік қолдануға арналған деген нұсқаумен қабылданған. Яғни бұл құпия. Сонда халықты сумен қамту мәселесі де үкімет үшін құпия болғаны ма?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.