Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

401 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

c 19:10, 10/02/2023 c 212

0:00 / 0:00

Қазақстанда 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады. Заманауи мектептер 2025 жылдың соңына дейін мегаполис қалаларда және мектеп тапшылығ орын алып отырғана ймақтарда салынады. Жайлы мектептер шалғай елді мекендерде де бой көтермек. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады. Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, Үкімет бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Construction компаниясы. 2023-2025 жылдар аралығында салынатын жайлы мектептер құрылысына 2,6 трлн теңге қарастырылып отыр. Ұлттық жобаның шеңберінде 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Қазақстанда «Жайлы мектеп» салу туралы мәселе үкіметте өткен жылы көтерілген болатын. Осылайша, мектептердегі орын тапшылығы «жайлы мектеп» салу арқылы шешілмек. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынатын мектептердің бұған дейін салынған білім ордаларынан 8 айырмашылығы бар. Жайлы мектептерде оқушыларға барлық жағдай жасалып, ең бастысы мектеп сыртындағы инфрақұрылымға ерекше назар бөлінетін болады.

Алдағы үш жылда елімізде 842 мың оқушыға арналған 401 мектепі салуға қазынадан 2,6 трлн теңге бөлінбек. Ұлттық жобаның шеңберінде 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Бүгінде елімізде 225 мың оқушы орны жетіспейді. Жылда жаңа білім ордалары ашылып жатқанымен, әлі де үш ауысымды мектептер жұмыс істеп тұр. Заманауи үлгіде салынатын «Жайлы меткептерде» бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік нысандары орнатылады. Оқушылардың оқу құралдарын, ауыстыратын киімдерін сақтайтын жеке шкафтар, кітап оқуына, демалуына, шығармашылық әлеуетін дамытуға тиісті орындар қарастырылған. Мектеп ең заманауи физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттермен қамтамасыз етіледі. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін қажетті жағдай жасалады. Бірнеше спортзал болады. Мұғалімдердің кабинеттері болады. Ауылдағы жайлы мектептерде интернет болуы міндеттеледі. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады. Жайлы мектептерді Самұрық-Қазына қоры өткізген байқауда тендерді ұтып алған отандық құрылыс компаниялары салатын болады. Байқау туралы хабарландыру 20 ақпанға дейін ашық ресурстарда жарияланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.