Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

25 МАМЫРДЫ ҚАЙТАРУ МҮМКІН ЕМЕС

c 09:17, 26/05/2023 c 309

0:00 / 0:00

Қоғамда соңғы қоңырауды 1 маусымға ауыстыруға қатысты шу шығып жатыр. Ата-аналардың бір тобы бұрынғыдай соңғы қоңырау 25 мамырда болғаны дұрыс еді деген пікір айтады. Кей мектептер оқу жылы аяқталмай жатып бір апта бұрын оқулықтарды жинап алған. Балалар бір апта бойы мектепке не үшін барып жүр деген сұрақтар туындауда. Бұл сауалға үкімет дәлізінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді. Оның айтуынша, соңғы қоңырауды 25 мамырға қайта ауыстыру оңай шаруа емес.

Бұл бұрынғы министр Асхан Айғамабетовтің енгізіп кеткен өзгерісі болатын. Биылғы оқу жылын қазақстандық оқушылар бір аптаға кеш аяқтайды. Мысалы бүгін 25 мамырда соңғы қоңырау соғылып, мектеп бітірушілер білім ордасымен қоштасып жататын еді. Бүгін мектептер тып-тыныш, сабағын өткізіп жатыр. Себебі, биылдан бастап, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Ал бұл күн Халқаралық балаларды қорғау күні екенні де білеміз. Қоғамда соңғы қоңырауды 1 маусымға ауыстыруға қатысты шу шығып жатыр. Ата-аналардың бір тобы бұрынғыдай соңғы қоңырау 25 мамырда болғаны дұрыс еді деген пікір айтса. Кей мектептер оқу жылы аяқталмай жатып бір апта бұрын оқулықтарды жинап алған. Балалар бір апта бойы мектепке не үшін барып жүр деген сұрақтар туындауда. Бұл сауалға үкімет дәлізінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, соңғы қоңырауды 25 мамырға қайта ауыстыру оңай шаруа емес.

Министрдің сөзінен түсінгеніміз, оқу жылын бір аптаға соза отырып, бес күндік оқу аптасын енгіздік. Бұл балаларлың ата-аналарымен көбірек уақыт өткізуі үшін жасалды дейді ол. Осылайша 36 апталық оқу жылы 31 мамырда аяқталып, 1 маусымда соңғы қоңыраудың үнін естейміз. Алайда, бұл жаңашылдық соңына дейін зерттелмеді ме, кім білсін? Кейбір мектептер бір апта бұрын оқушылардан оқулықтарды жинап алған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желіде оқушылар оқулықтарын кітапханаға тапсырып, сабақта бос отырғаны туралы фактілер жарияланды. Кей мектептерде рюкзаксыз күн, пижама күні, Color party сияқты сабақ кестесі ұсынылған.Қазір тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді, кейбір жерлерде фейк ақпараттар да шығып жатыр, - деді. Ал білім министрлігінің кешегі шұғыл өткен жиынында бірнеше өңірдегі мектептерде оқулықтарды ерте жинап алған фактілер айтылды. Мұндай факті Шымкент, Ақтөбе қалаларында тіркелген. Осылайша кітапты ерте жинап алған мектептер тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал үкімет отырысы барысында Премьер-Министр балалардың жазғы демалысы кезінде ауыл балаларына дұрыс көңіл бөлінбейтінін айтып, сынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.