Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1600 студент дуалды оқыту жүйесімен білім алуда

c 18:56, 16/03/2018 c 659

Білім мен тәжірибені қатар ұштастыруға бағытталған жүйенің берері мол көрінеді. Дуалды оқыту жұмыссыздық мәселесін шеше ала ма? Студенттердің еңбек ақылары қайтарымсыз қалмай ма? Қазір өңірде 38 техникалық-кәсіптік мекеме қызмет атқарып жатса, олардың 26сы дуалды оқыту жүйесіне көшіп кеткен. Бұл жүйеге сәйкес, студенттер теориялық білімді колледжден игерсе, тәжірибелік шеберлігін зауыттарда шыңдайды. Бүгінде 1600ден астам студент дуалды түрде білім алуда, оларға облыстағы 78 кәсіпорын өз есігін айқара ашып, кәсіптік қабілеттерін қалыптастыруға сеп болуда.
Шаһардағы индустриалды колледж де осы жүйе бойынша оқытуды қолға алған оқу орындардың қатарында. №1 колледж 3 кәсіпорынмен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Шәкірттер 40 пайыз білім алып, 60 пайыз тәжірибелік жұмыс істейді. Оқытушылар қазір дәнекерлеуші, қырнаушы, электр-монтаждаушы сынды кәсіптерге сұраныс мол екендігін айтады.
Кәсіпорындарда тәжірибеден өткен кезде, өздерін оң қырынан танытып, кәсіби шеберліктерін көрсете білген студенттер жұмысқа оқу бітірісімен қабылданатын көрінеді.Кадр мәселесін шешуде, маман тапшылығын жоюда дуалды жүйенің пайдасы зор. Бұл жүйе жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Білім басқармасының мамандары да жыл санап дуалды оқытуға үлесін қоспақшы кәсіпорындардың артып келе жатқанын айтады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.