0:00 / 0:00
«СК-Фармация» ЖШС қоймаларында жатқан 159 миллион теңгенің дәрі-дәрмегінің мерзімі өтіп кеткен. Бұл дәрілерді жоюға тура келеді. Ал депутаттар 2020 жылы 66 миллиард теңге тиімсіз жұмсалғанын мәлімдегенді. Өзінің сауалында депутат Андрей Лукин бұл қаржылық бұзушылықтар 26 миллиард көлемінде қаржы жетпей жатып жасалған дегенді.
Парламент депутаттары бұған дейін «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектерді сатып алу барысында заңды белден басып отыр деп мәлімдегенді. Жекелеген компаниялармен ауыз жаласа отырып, осындай бұзушылықтарға жол бергенін депутат Андрей Лукин жариялағанды. Депутат бұл орайда 66 млррд теңге тиімсіз жұмсаланғанын атйқанды. Дәрілердің шекті бағасын өсіру орын алды. Нәтижесінде 1,5 миллиард теңгеге сатып алған дәрі-дәрмек өз құнынан қымбат болып шықты деді депутат. Ол аздай 14,4 млрд теігені құрайтын 16 дәріні сатып алуда да бұзушылққа жол берілген. Луикннің мәліметінше, «СК-Фармация» ЖШС қоймаларында жатқан 159 миллион теңгенің дәрі-дәрмегінің мерзімі өтіп кеткен. Бұған компания басшысының жауабы бар ма екен?
ЕРХАТ ЕСҚАЛИЕВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Әрине мұндай жағдайлар орын алды. Депутат келтірген көрсеткіштер бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ең маңыздысы біз дәрі тасымалын жоспарлы жүргізіп жатырмыз. Мұндай жағдайда дәрілердің медициналық ұйымдарға уақытылы жеткізілгені керек»
Сондай-ақ, фармация басшысы қоймаларда миллиондаған сомаға мерзімі өткен дәр-дәрмектің шіріп жатқанын мойындады.
ЕРХАТ ЕСҚАЛИЕВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Бұл пайдалану мерзімі өткен дәрілерді жоюға әсер етеді. Мұндағы проблема медициналық ұйымдарға қаржат кеш түседі. Біз өз кезегінде кредитке береміз. Алайда, олар қаражат түспей, қажетті дәріні қолдана алмайды»
Еске сала кетейік, «СК Фармация» Қазақстанда дәрі-дәрмекті сатып алуды орталықтандыру үшін бірыңғай тасымалдаушы ретінде құрылғанды. Оның бюджеті 100 млрд теңгені құрайды. Басты мақсаты – қазына қражысын үнемдеу. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай компания өзіне жүктелген бұл міндетті тиісті деңгейде атқара алмай отыр. Дәрі-дәрмек құнын өсіру орын алуда. Пандемия басталған кездегі «СК Фармацияның» заңсыз әрекеті, қоймаларда самсап тұрған дәрілерді жеткізбей, қолдан тапшылық орнатуы әлі есемізде. Ол кездегі басшылары жауапқа тартылып жатқанымен, бұл салада жұмыс әлі де бір жолға қойылмағанын көріп отырмыз.