Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1,5 МЫҢ АДАМҒА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

c 18:36, 19/10/2022 c 1248

0:00 / 0:00

Елді есеңгіреткен қаңтар трагедиясына қатысқан қазақстандықтарға рақымшылық жасау туралы Президенттің тапсырмасы бар. Осыған қатысты депутаттар бастама болған «Рақымшылық туралы» заң жобасы Мәжілісте мақұлданды. Заң жобасының мақсаты қаралы қаңтар оқиғасына қатысып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату не сот тағайындаған жаза мерзімдерін қысқарту болып табылады. Ал террорист, экстремист, рецидивист, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, азаптау жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды. Бас прокуратураның мәліметінше, рақымшылыққа 1,5 мыңдай адам ілігеді. Басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Дегенмен депутаттарды жаппай тәртіпіздіктер кезінде қолға түскен азаматтарды аяусыз азаптаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері рақымшылыққа іліге ме деген сауал мазалады.

Прокурордың мәліметінше, барлығы құқық қорғау органдарының 49 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оның тек біреуі ғана рақымшылыққа ілігеді. Қазіргі кезде азаптау бойынша 11 іс тергелуде. Тағы бес іс бойынша тергеу аяқталды. Жалпы, 29 адам азаптауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның 17-сі полицей, қалғаны 12-сі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері.

Ал Ақорданың хабарлауынша, бүгін Алматы облысында жұмыс сапармен жүрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасында мемлекетке опасыздық жасағандар жақын арада жауапқа тартылады. Ал қарақшылар, қанішерлер, тонаушылар заң бойынша жазалануы керек. Өйткені олар халқымыздың түпкі мүдделерінен алшақ, тек пайдакүнемдік мақсаттарды көздейді", - деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.