Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

14 АДАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

c 08:59, 13/06/2023 c 128

0:00 / 0:00

Абай облысындағы алапат өртте көз жұмған 14 адамның өліміне кім кінәлі? Құзырлы органдар неге тілсіз жаудың алдын алмаған? Орман шаруашылығында орманшыларға жағдай жасалмаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылары кеш қозғалды. Абай облысының әкімі өңірінде өрт болып жатқанда қайда жүрді? Абай облысына барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрағы көп болды. Бірақ жауаптылар мардымды жауап айта алмады.

Абай облысының орман алқабындағы өрт әлі ауыздықталмай жатыр. Өрт сөндіруішлер неше күннен бері тілсіз жаумен күресуде. Өздеріңізге мәлім, орман өртінде 14 адам қайтыс болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, тағы бір адам табылмай жатыр. Ол - Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов. 36 жасар таркторшы 10 маусымнан бастап байланысқа шықпай қалған.Бір отбасынан әкелі-балалар осы өрттің құрбаны болды. Жап-жас жігігттер өмірімен қоштасты. Тіпті соңында төрт жасар баласы қалған әйел де жалын отқа оранды. Абай облысына барған Мемлекет басшысы ең алдымен қаза болған марқұмдардың туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Кездесуде жақынан айырылғандар жылап отырып, орманшыларға ешбір жағдай жасалмағанын айтып жатты.
шум
Қара жамылған отбасылардың қайғыдан ашынып айтқан наздарын тыңдаған Президент өз ісіне жауапсыз қараған құзырлы органдардың бұл істе салақтық танытқанын айта келе, қайғы жұтып отырған жұрттан кешірім сұрады.

Одан әрі Президент жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар министрлігі, Абай облысынң әкімі, экология министрлігі бір сөзбен айтқанда осы орман өртіне жауапты орган басшыларына неге деген сұрақты бірнеше рет қойды.

Бірақ Тоқаев жауап ала алмады...

Өрт жайында баяндай бастаған Төтенше жағдайлар вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөліп жіберді. Ал жаңадан тағайындалған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа саланы өз жұмысын білмейтін кадрлардан тазалауға ұсыным берді.

Ал орман алқабында алапат өрт орын алып жатқанда орынбасарларына тапсыра бере салып, жәйбірақат жүрген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев сөгіс алды.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына қаржылай да, өзге де қажетті көмектер көрсетілетінін айтты. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады. Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады. Ол үшін Президент жанынан арнайы қор құрылады деді. 8 маусымда басталған тілсіз жау төрт күннің ішінде 60 мың гектар орман алқабын Президент қарпыды. Абай өңіріндегі өрт толық ауыздықталған жоқ. ТЖМ хабарлауынша, жаңа министр Шәріпханов өрт аумағы азайдығ жақын күндері өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек деген болжамын алға тартып отыр. Ал қою түтінге байланысты екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Олар әзірше үйлеріне қайтарылмайды", - деді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.