0:00 / 0:00
БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаменті әлеуметтік маңызға ие тауар бағаларына қатысты жүргізілген мониторинг кезінде жанармай құнының өсімін анықтап отыр. Қазір бекетттерде АИ 92 маркілі сұйық отын бағасы 150 теңгеден басталып, кейбірінде 153 теңгеге дейін жеткен. Жанармай бағасының қымбаттауы жүргізушілер үшін үлкен қиындық тудыруда.
Бұл қымбатшылық қаншалықты негізді? Оны анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізілмек. Егер жемқорлыққа жол беру және бекеттер мен жеткізушілердің қор бола тұра өзара келісу фактісі анықталған жағдайда аталмыш тұлғалар үстінен әкімшілік кодекстің 159 бабының 2 бөліміне сайіс қозғалып, жауапкершілікке тартылады. Қазіргі кезде осындай бірнеше факті сотта қаралуда.
Орал қаласында тәулігіне 600-700 тонна АИ 92 маркілі жанармай тұтынылады екен. Ал айына бұл көрсеткіш 26-28 мың тоннаны құрайды.