Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төленбеген салық

c 16:15, 18/05/2018 c 1061

0:00 / 0:00

2018 жылдың 5 айында Батыс Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың 1565 -і мемлекетке төленуге тиісті салықты төлемеген. Қазір олардың мемлекет алдындағы қарызы 6 млрд теңгеден асып жығылады. Салықтан жалтарып жүргендердің қатарында жеке кәсіпкерлер де бар. Қазіргі таңда, олардың саны 3700-ден асады. Жеке кәсібін ашып кәсібін дөңгелентіп отырған жандар мемлекеттің қазынасына 379 млн теңгедей бережақ. Алайда, сала мамандары биылғы жылы мемлекетке төленбеген салықтың мөлшері аз дегенді айтады.

Мемлекеттік кірістер басқармасының келтірген дерегіне сүйенсек, биылғы жылдың бірінші мамырындағы санақ бойынша өңірімізде заңды тұлғалардың арасында ең үлкен мемлекетке төленбеген салықтың мөлшері 415 млн теңгені құрап отыр. Бұл бір-ақ, кәсіпорынның мемлекет қазынасына төлемеген қаражаты ғана. Өңірімізде қызмет жасап жатқан заңды тұлғалардың мемлекет алдындағы бережағы 6 млрд 224 мың теңге. Салықтан жалтарғандардың қатарында жеке кәсіпкерлер де бар. Бүгінгі таңда, олар 379 млн теңге мемлекетке қарыз. Биылғы жылы салықты көп мөлшерде төлемеген кәсіпорындардың он бесіне қылмыстық іс қозғалыпты. Алайда, сала мамандары биылғы жылы салық төлемегендердің саны азайып отыр дегенді айтады.

Облыс бойынша көлік тізгіндеген жүргізушілердің 30 мыңдайы көлік салығын төлемепті. Сол себепті 21 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылу арқылы, 3 млн теңгеден астам қаражат мемлекеттің пайдасына өндірілген.

Көлік үшін төленбеген салықты өндірудің түрлі жолдары бар. Олардың бірі жергілікті полиция қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер басқармасының бірлескен рейдтік шаралары. Арнайы техникамен жабдықталған полиция көлігі салықтан жалтарып жүрген жүргізушілерді 100 метрге қашықтыққа дейін анықтай алатын мүмкіндікке ие. Құқық қорғау саласы мен мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бірлескен рейд барысында жүргізушілердің көлікке салығы тексеріліп, олардың құқықтары түсіндіріледі.

Сала мамандары мемлекетке төленетін салықты биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеуге кеңес береді.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.