45 жасар әйелді жауыздықпен бауыздаған қылмыскерге сот үкімі шықты. Оқиға 22 жасар Зеленов ауданының тұрғыны Александр Корнев пен жәбірленуші Третьякованың кездесіп, ащы суға масаюынан басталған. Алкогольді ішімдікке тойған екеудің арасында кейіннен жанжал шығып, Корнев Третьякованы пышақпен бауыздай бастапты. Сот төрағасының сөзінше, жәбірленуші сұмдық жағдайда көз жұмды. Ал Корнев бірден оқиға орнына тәртіп сақшыларына хабарласып, кінәсін мойнына алады. Осылайша сотталушы Корнев 11 жылға бас бостандығынан айрылды.