0:00 / 0:00
Ресейде орын алған теракт құрбандарының саны 139 адамға жетті. Еске сала кетейік, 22 наурызда Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Салдыранан бейкүні адамдар қаза болды. Теракт жасады деп күдікке ілінгендер бірден қолға түсті. Әлеуметтік желілерде олардан жауап алу сәтінен видео тарап жатыр. Қазақ билігі бірден терроризмді ақтауға болмайтынын мәлімдеді. Бейбіт тұрғындарға қатысты қатыгез, қылмыстық зорлық-зомбылық әрекетін айыптаймыз, - деген Президенттің ұстанымын мәжіліс депутаттары да қолдаймыз дейді. Көріш елдегі жағдайдан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысын өткізіп, онда құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспарлары, сондай-ақ төтенше жағдайларда олардың қызметін үйлестіру мәселелері қаралғанды. Депутат Айдос Сарым Үкімет басшысына жолдаған сауалында көрші елде орын алған қайғылы оқиғадан сабақ алуды талап етті. Бұл орайда Олжас Бектеновке салынып жатқан мәдениет және спорт нысандарының құрылысына мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынды. Қауіпсіздік мәселесін қамту үшін, барлық мәдениет, спорт және білім ордаларына тосыннан тексеру жүргізу керек дейді.
Мәжілісмен республика көлемінде мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу мен реттеу алгоритмдерін қайта қарап, оларды ұйымдастырушылар мен құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің өзара әрекеттесу тетіктерін неғұрлым нақты белгілеуді ұсынды. Сондай-ақ, концерт залдары мен спорт нысанында төтенше жағдайларға қатысты нақты жоспарлардың барын, онда кәсіби қызметкерлер жұмыс істеп жатқанын бір тексеру қажет дейді. Себебі, еліміздегі күзет қызметтері төменгі жалақыға зейнет жасына жеткен адамдарды алып жатады.
Сондай-ақ, адамдар ең көп баратын мәдени-спорттық ғимараттар мен залдардың терроризмге қарсы, өртке қарсы және өзге де қауіпсіздігі, олардың қажетті сигналдық және өртке қарсы жабдықтармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан аудит жүргізуді ұсынды.