Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰБАЙЫНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ НЕСИЕ БЕРІЛМЕЙДІ

c 23:59, 21/03 c 80

0:00 / 0:00

Депутаттардың бастамасымен қабылданып отырған кредит беру кезіндегі тәуекелдерді азайтуға арналған заң жобасы қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Мәжіліс несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің шекті көлемін анықтау, микрокредиттерін немесе жалақыға дейін деп берілетін шағын несиелерді реттеудің ерекше режимін алып тастау туралы түзетулер енгізді. Осы құжатқа сай банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғаға жұбайының келісімінсіз банктік кредит беруге тыйым салынады. Себебі, толассыз алынып жатқан несиелер бойынша құмар ойынға несие алып, отбасының ойраны шығып жатқандар да жоқ емес дейді депутат.

Сондай-ақ, студент жастардың да кредитке белшеден батып жатқаны мәлім. Бір басында ондаған несиесі барлар жоқ емес. Бүгінде 18-21 жас арасындағы 480 мың азаматтың берешегі бар. Соның ішінде 47 мың адамның проблемалық қарызы бар. Заң жобасын бірінші оқылымда талықлау барысында депутаттар жастарға кредит беруге тиым ұсынғанды. Бірақ қаржы нарығын реттеу агенттігі жастардың несие алуына толық тиым сала алмаймыз деп, тек шектеу қойылды.

Тағы бір жаңалық- 2026 жылға дейін азаматтардың банк несиелері мен микрокредиттер бойынша қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий енгізіледі. Мәжілісмен Бейсенғалиевтің айтуынша, жылу беру маусымында жалғыз тұрғын үйінен шығарып тастауға жол берілмейтін адамдардың тізбесіне бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды қосуға қатысты норма енгізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.