Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘМС-ТЕГІ ӨЗГЕРІС

c 14:10, 19/03 c 95

0:00 / 0:00

МӘМС жүйесі бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнен қалған сәтсіз мұра. Осы жүйе енгізілгелі тапқан табысының 2 пайызын қорпға аударып жатқандар сапалы медициналық қызмет алып жатқан жоқ. Қолжетімділік жоқ. МӘМС-тен мән кетті, бұл жүйенің қажеті жоқ деген сыни пікірлер мен уәждер жиі айтылуда. Депутаттар МӘМС-ті тоқтата тұруды ұсынды. Себебі, 3,5 млн қазақстандық бұл жүйеден тыс қалған. Тегін медициналық көмек ала алмай отыр.

Мәжілісмен Зайытовтың айтуынша, МӘМС-гі былықтар халыққа жасалған қастандық.

Бірақ денсаулық сақтау министрі қандай уәж айтылса да МӘМС-тен бас тартпаймыз деп отыр. Еліміздің бас дәрігері Ақмарал Әлназарова осы қызметке келгелі МӘМС проблемасын түсінде көретін болды. Себебі, жаңа министрге қойылатын басты сұрақ та осы. Мәжіліс депутаттары алдында министр МӘМС жүйесін қалай өзгертетінін мәлімдеді. Қазіргі қолданыстағы заңда жарна төлеу үшін шектеу қойылған. МӘМС-тің жарнасын төлеу үшін жоғарғы деңгей 10 ең төменгі жалақыны құрайды. Ол деген биыл 850 мың теңге. Яғни айлығы 1,5 -3 млн етңге теңге болып тұрса да ол азаматтан 850 мың теңгеден ғана жарна ұсталады. Бұл әділетсіздік әрине. Министр әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділдікке қол жеткізу мақсатында салық төлеушілердің барлық топтары тиімді мөлшерлеме бойынша жарналарды төлейтін нақты шкалаға көшіруды ұсынды. Атап айтқанда, табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлемеуі керек дейді ол.

Елімізде 850 мың теңгеден көп жалақы алатындар саны 500 мыңнан сәл асады. Яғни аталмыш өзгеріс халықтың тек 9 пайызына ғана қатысты болып отыр. Осылайша көп ақша ала ма, МӘМС-ке де көбірек төлейтін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.