Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘМС-ТЕГІ ӘДІЛЕТСІЗДІК

c 14:08, 15/03 c 71

0:00 / 0:00

МӘМС-тен мән кетті. Елде 3 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатыса алмай отыр. Жұмысбасты қазақстандықтар табысының 2 пайызын МӘМС қорына аударады. Сол арқылы медициналық көмек алады. Ал ресми жұмыспен қамтылмағандардың мәселесі әзірге шешілмеген. Бұған дейін мәжіліс депутаттары да МӘМС-ке қатысты проблема мен денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктер баршылық деген еді. Оның ішінде медициналық қызметтерді қаржыландырудағы теңгерімсіздік, МӘМС моделінің өзі туралы нақты түсінік мүлде жоқ деп отыр. Бастапқыда белгіленген параметрлерден ауытқу, республикалық бюджеттен қаржылан¬дырудың жеткіліксіздігі, халықтың аз қамтылуы сақтандырудың тұрғындар үшін тартымсыз болып қалуына әкеп соқты. «Ақ жол» партиясының фракциясы өткен жылы өз сауалында салымшылар медициналық сақтандыру қорындағы өз қаражатын бақылай алмайды, ал Қор атауындағы «сақтандыру» ұғымы алдамшы деген еді. Енді ақжолдықтар бұл мәселені тағы көтеріп отыр. Себебі,МӘМС мәселе шешілмеген. Қазір табысы 850 мың теңгеден асатын тұлғалар үшін МӘМС жарналарын бес есеге ұлғайту туралы Заң жобасы талқыланып жатыр. 2025 жылдан бастап бұл жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 9%-ын қамтиды және 502 мың адамға қатысты болады.Бірақ порталдағы талқылауда жүздеген адам қарсылық білдіруде дейді депутат Бейсенбаев. Мәжілісменнің айтуынша, медициналық сақтандырудың қолданыстағы моделі экономиканың барлық қағидаттарына қайшы келеді. Адам өз денсаулығына қалай қарайтынына қарамастан төлеуге міндетті. Яғни, дәрігерге сирек жүгінетіндер, жиі ауратындар үшін төлеп отыр дейді депутат.

МӘМС бойынша аударымдарды ұлғайту жөніндегі бастамаға бизнес өкілдері наразы

Ақжолдықтар денсаулық сақтау министріне МӘМС төлемдерін арттырудан бас тартуды, медициналық сақтандыру жүйесін монополиясыздандыру және осы салада нарықтық және бәсекелестік тетіктерді енгізуді, азаматтардың сақтандыру ұйымдарындағы шоттарын ашықтық пен еріктілік негізінде дербестендіруді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.