0:00 / 0:00
Үкіметтің бұл жолғы отырысы баға саясатынан бастау алды. Еліміздің бас банкирі Тимур Сүлейменовтің баяндауынша, ақпан айында жылдық инфляция 9,3 пайызға дейін баяулады. Осы орайда Ұлттық Банк өткен айда базалық ставканы 14,75 пайызға дейін төмендеткенін білеміз. Ақпанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерден жоғары қалыптасты. Маусымдық және әкімшілік факторлардан басқа нарықтық тауарлар мен қызметтер бағасы тез өсті, - дейді Ұлттық бан төрағасы. Өз кезегінде үкімет басшысы бірнеше азық-түліктің бағасы өскенін айтып, осыған жол берген өңірлерді атады. Жұмыртқа, сары май мен макарон өнімдеріне баға өскен. Ал үкімет пен ұлттық банктың алдында инфляция деңгейін 8 пайыздан төмен ұстап тұру міндеті тұр.
Инфляцияның ең көп өсімі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Бектенов әкімдер мен құзырлы органдарға бағаны төмендету шараларын қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, әкімдерге импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуды жүктеді. Ал арадағы делдалдардың мәселесін анықтауда өңірлік комиссиялар жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.