Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ КЕРЕК»

c 14:45, 08/03 c 86

0:00 / 0:00

Мектеп психологтарының жалақысын көтеру керек. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев үкіметке осындай ұсынысын жолдады. Оның айтуныша, мектеп психологтарының айлығымен бірге заңды мәртебесін де көтеру қажет. Депутаттық сауалында әсіресе ауылдарда психологиялық көмек көрсету жүйесі дамымай жатқан айтты. Сол себепті оқушылардың проблемалары уақтылы анықталмайды. Сенатор Сарыбаевтың пікірінше, балалардың психологиялық жағдайы мен мінез-құлқындағы алғашқы проблемалар мектепке дейін және мектеп жасында анықталады. Сондықтан педагог-психологтардың оқушыларға жеке дара қолдау жасауға қол жеткізу мүмкіндігі және оның сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аудару керек. Ол үшін ең алдымен мектеп психологтарының сан жөніндегі нормативін есептеуді қайта қарап, сынып санына түзетулер енгізуді ұсынады.Ресми түрде 1987 жылы психолог штаттары мектептерге енгізілгенімен олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбек ақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде анықталған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыруды ұсынды депутат.

ҒАЛИАСҚАР САРЫБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Орта есеппен 1,5 мың бала оқитын мектептерде 60, ал 4500 және одан да көп оқушылары бар білім ошақтарында 170-тен көп сынып бар. Яғни, бір психолог 2000 оқушыға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсетуде. Психологтың үлкен жүктемесі болуына байланысты, нақты мұқтаж адамға көмек берілмей жатады»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.