Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҒЫЛЫМ НЕГЕ ДАМЫМАЙ ЖАТЫР?

c 14:10, 08/03 c 70

0:00 / 0:00

Мәжіліс талқылаған «ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы ғылымды басқару моделін жетілдіруге, ғылым қорының жұмысын реттеуге,Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін айқындау, бағытталған. Алайда, депутаттар бұл құжатта ғылымды дамыту идеясы жоқ деп сынады. Ғалымдардың әлеуметтік жағдайы да қамтылмаған дейді олар. Ғылымды бюджеттен қаржыландыруда шықтық жоқ, бюрократия, қиындықтар, ғылыми кеңес жұмыстарының кемшіліктерін ғана көріп отырмыз деп сынады мәжілісмен Жаңбыршин.Ең болмаса, еліміздегі ғылыми жетістіктер утралы зерттеулер де жоқ.

Сондай-ақ, халыққалаулылары еліміздегі ірі шетелдік компаниялардың табысының 1 пайызын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлу туралы мәселе бақылаусыз қалған деп даурықты. ТШО, Қашағанды, Қарашығанақты игеріп отырған ірі компаниялардың қандай қаржы беріп отырғанын ғылым министрлігінің білмеуі –ұят дейді. Министр елдегі шетелдік компаниялардың мұндай ерікті түрдегі міндеттемесі барын айтады. Бірақ шынымен қанша қаржы бөлгенін, бөлмегенін Саясат Нұрбек білмейді. Енді әр министрлік жанынан кеңес құрып, соны бақылуға алмақшы.

Не керек депутаттар бұл заң жобасына жұмыс тобында да майшаммен қараған болатын. Жалпы отырысқа шығарған кезде бүкіл кем-кемтігін тізіп берді. Тіпті, аталған құжатты жарамсыз деп сынады. Ал министрліктің жұмысын тескеру керек деп шүйлікті.

Алайда, ғылым министрі өзіне қатысты айтылған депутаттардың сынын негізсіз деп бағалады.

Аталған заң жобасы біріші оқылымда қабылданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.