Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСТАР НЕСИЕГЕ БАТЫП ЖАТЫР

c 13:14, 08/03 c 69

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар несиенің тұңғиғына кеткен. Енді қарызға белшеден батып жатқандар арасында 18 бен 21 жас аралығындағы азаматтардың саны артуда. Айтарлықтай табысы жоқ, шәкіртақыға қарап отырған жастарға екінші деңгейлі банктер оңды-солды несие беріп жатыр. Тіпті алған несиелері табысынан екі есе асып кетеді. Ал кейбірінің басында 2-3 кредитке дейін бар. Мәжілісте кредит беру кезінде алушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы талқыланды. Аталмыш құжатта жастарға несие беруге қатысты нақты нормалар енгізіліп отыр. Қаржы ұйымдары несиені жастарға енді тек ресми түрде тіркелген табыстары немесе кірістері болған жағдайда ғана бере алады. Бұл шектеу 18-21 жас арасындағы жастарға қатысты. Мәжіліс депутаттары жастарға кредит беруді толығымен шектеуді ұсынды. Алайда, агенттік төрайымы жастарға несие беруге тиым сала алмаймыз дейді.

Яғни студент кредит алатын болса, оның ай сайынғы табысының 50 пайызы кредитін өтей алуы керек. Мысалы оның ай сайын алатын шәкіртақысы 50-60 мың теңге болса, төлейтін несиесі 25-30 мың теңгеден аспауы қажет.

Депутаттардың мәліметінше, бүгінде проблемалық несиелер бойынша жалпы қарыз 1,7 трлн теңгеден асады. Осыған байланысты микроқаржылық ұйымдардың осындай микрокредиттер беруіне қойылатын талаптарды қатаңдату керек деді. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова соңғы 2 жылда қысқа мерзімді онлайн кредит алушылар қатары күрт өскенін айтты. Нәтижесінде проблемалық қарыз алушылардың саны өсті. Қазір онлайн микрокредит секторында 227 мың адамның проблемалық кредиті бар. Бұл бүкіл микроқаржы ұйымының секторының проблемалық қарыз алушылар санынан 80 пайызына тең. Өте жоғары. Агенттік адамдардың құқығын қорғау үшін қысқа мерзімге берілетін кредиттердің ерекше түрін алып тастауды көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.