0:00 / 0:00
Парламент Мәжілісінде өтетін дәстүрлі үкімет сағатының бұл жолғы басты қонағы –Экология минисріт Ерлан Нысанбаев пен Төтенше ажғдайлар вице-министір Бауыржан Сыздықов болды. Орман өрттеріне арналған жиында депутаттар бұл салада шешімі табылмай жатқан мәселерді жарыса айтты. Оған себеп, өткен жылы орын алған Семей өрті есімізде. 14 адамның өмірін жалмаған тілсіз жаумен күресте техникасы тозған төтеншеліктердің проблемасы да мәлім болды. Ал қолмен өртті сөндіруге талпынып, өмірін қиған орманшылардың алып жүрген жалақысы мүлдем аз болып шықты. Яғни Семей өрті бұл салалардағы бар былықты айқындап берген еді. Тек 2023 жылы елімізде 800 орман өрті болған. Жалпы 100 мың гектар жер жанып кетті. Ал алдағы жаз аптап ыстық болады деп отыр төтеншеліктер.
Вице-министрдің айтуынша, 2023 жылғы 11 маусымда "Семей орманында" ірі өрт басталған кезде 180 шақырым минералданған жолақ салу жоспарланған, алайда бұл жұмыс мүлдем орындалмаған. Ал "Ертіс орманында" жоспарланған 570 шақырымның тек 45-і ғана салынған. Сондай-ақ, Семей орманындағы өрттен кейін орманшылардың айлығын 100 пайызға өсіреміз деген таудай уәде болғанды. Алайда, депутаттардың айтуынша, тек басшылардың, директордың орынбасарларының, инженерлер мен иснпекторлардың жалақысы өскен. Ал төменгі жақтағыларға қосқан айлығы тиын-тебен дейді мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев.
Өз кезегінде бас эколог орманшылардың жалақысын 100 пайызға көтеруге қам жасап жатқанын айтып, ақталды.
Сондай-ақ, министр орман өртін ерте анықтау жүйесі әзірленіп жатқанын айтады. Өртті уақытында анықтау үшін орман шаруашылығына цифрландыруды енгізбекші. Жасанды интеллекті қолданып, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті техникалық тапсырма әзірленбек. Мониторинг жүргізу үшін бірыңғай ситуациялық орталық құру жоспары бар. Өртті анықтау радиусы 30 шақырымға дейін айналмалы көру мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларының көмегімен іске асырылады деп сендірді министр.