Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ ОҢТҮСТІК СУДАН МЕН ТАЯУ ШЫҒЫСҚА БАРАДЫ

c 00:06, 20/01 c 122

0:00 / 0:00

Сонымен Парламент мемлекет басшысының БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қарулы күштердің бітімгерлік контингентін жіберу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың мәлімдеуінше, Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады. Ал алдағы наурыз айында "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына өз әскери техникасы, қару-жарағы және резерв ротасы ретінде мүлкі бар 139 әскери қызметші аттанбақшы. Осылайша қазақ әскері Оңтүстік Судан мен Таяу шығысқа барып, өз миссиясын орындайтын болады. Бұл мақсатқа қазынадан 8 млн доллар бөлінді. Бұл қауіпті аймаққа баратын әскерилердің жалақысын есептемегенде.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Бұл қаражат бюджетте қарасытырлған. Қосымша қаржы ретінде 8 млн доллар бөлінді. Ол қаражат қару-жарақты, техниканы тасымалдауға қарастырылған. Бір жыл бойы әр әскери жауынгер ай сайын БҰҰ-нан тарпынан 1 мың доллар жалақы алады. Сондай-ақ, біздің мемлекет тарапынан айлықтары үш есеге сақталады».

Голан биіктіктеріне аттанғалы отырған әскерилер қарсылас тараптарды ажырату, патрульдеу, блокбекеттерде қызмет атқару, елді мекенді минадан тазарту, гуманитарлық көмек жеткізу және медициналық қызмет көрсету міндеттерін атқармақ. Әрине әскерилердің қауіпсіздігіне қатысты тәуекел де жоқ емес. Бітімгерлік миссиясы барысында көз жұмған әскеридің отбасына БҰҰ 77 мың доллар береді. Сарбаз мүгедек болып қалса, жарақат алса, онда тиісті комиссия құрылады.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Әскерилер қаза тапқан жағдайда отбасына 5 жылғы жалақы көлемінде өтемақы беріледі.Бұл БҰҰ тарапынан беріледі. Біз ондай жағдайға жетпейді деп сенеміз.»

Голан биіктігіне баратын әскери қызметшінің арасында 7 әйел бар. Министрдің айтуынша, олардың ішінде әскери дәрігерлер, аудармашылар мен техникалық қызметкерлер бар. Депутаттардың айтуынша, бітімгершілік миссияға қатысу қазақ әскері үшін қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.