0:00 / 0:00
Анадан туа сала тастанды атанып, одан қалды шетел асқан жетім балалардың тағдырына қатысты мәліметтер әрқилы. Шетелдіктермен асырап алынған қазақстандық балалар қазір ер жетіп, туған ана-анасын іздей бастады. Баршаға мәлім, 2000 жж басында шетелдіктерге тек денсаулығында кінараты бар балалар ғана беріліп жатыр деген ресми мәлімет болғанды. Алайда, бүгінгі дәйекте олардың арасында сау балалардың да шетел асқаны мәлім болып отыр. 1999-2011 жылдар аралығында 8805 қазақстандық баланы шетел азаматтары асырап алған. Тек 2014 жылы ғана Бас прокуротура шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді. Жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Алайда, бұл тексерістің және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы бізге беймәлім дейді сенатор Қыдырәлі. Мысалы, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Ол жайында ақпарат жоқ. Ал 1999 жылға дейін асырап алынған балалар туралы мәлімет жоқтың қасы.
Сенатордың бұл мәселені қозғауына өткен жылдың соңында елге туған анасын іздеп келген Испаниядағы Майорка аралында тұратын Жәнібектің тағдыры түрткі болған. Өкінішке орай,Ақалық ақласында туған Жәнібектің туған анасын табу оңайға түсіп жатқан жоқ. Ол анасын таппаған күйі еліне қайтты. Бұл жайт қоғамда үлен резонанс туғызды, әлеуметтік желіде кең талқыланды. Бір ғана Жәнібектің тағдыры бүкіл шетел асқан қазақ балаларының қандай жолмен асырауға берілгендігіне қатысты біраз заңсыздықтың бетін ашатын сияқты. Сенаторлар үкімет басшысы мен бас прокурордан 1999 жылға дейін шетелге кеткен балалар туралы зерттеу жүргізуді, Шетел асқан балаларды тегінен ажырамас үшін түрлі үйірмелер арқылы қолдау көрсету. Қажет болса, ата-аналарын табуға көмектесуді, тіпті кәмелет жасқа толғандарына Қазақстан азаматтығына алуына қолдау көрсетуді сұрады.
Бүгінде елімізде ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балардың саны 22 мыңды құрап отыр.