Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЗАР МАФИЯСЫ БАР МА?

c 14:28, 12/01 c 52

0:00 / 0:00

30 жылдан асты тәуелсіз Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамту толық нәтиже бермей отыр. Осыған дейін талай сауда министрі уәде еткен көтерме-жеткізу орталықтарын салу барлық өңірде қолға алынған жоқ. Шенеуніктер бұған дейін 240 миллиард теңге қазына қаржысына 24 оысндай орталық салып, отандық өніммен қамтуды қатырамыз дегенді. Алайда, бүгінде тек 9 өңірде ғана көтерме-жеткізу орталығы салынған. Оның өзі бизнес есебінен. Егер мұндай орталықтар барлық жерде болса фермерлер өндірген өнімдерін жыл бойы сақтап, базарлар мен дүкендерді отандық өніммен қамтып отырар еді. Алайда, өнімді сақтайтын қойма жоқ болған соң, оның саны да аз. Ал шаруалар өнімдерін сауда орындарына жеткізуде кедергілер орын алуда деп шағымданады. Алайда, сауда министрі отандық өндірушлердің өзін айыптады. Олар тұрақты тасымалдауды қамти алмай отыр дейді.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ -ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Неге дүкен сөрелерінде кейбір отандық өнімді көрмейміз? Себебі, тұрақты тасымалдау жоқ. Өнімдердің тек саны ғана емес, сапасы да маңызды. Олардың өнімдері талаптарға сай болмауы мүмкін»

Отандық өндірушілерге «базардағы мафия да» тұсау болып отыр деген пікір бар. Сауда министрі мұны толық жоққа шығара алмады. Ол халық арасында "базар мафиясы бар" деген пікір бұрыннан қалыптасқан. Бірақ қазіргі кезде ондай топтар жоқ. Бар болса кез-келген мафияңды орнына қоямыз деп отыр.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ -ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Себебі ондай фактілер анықталса, кез келген мафияны жылдам тәртіпке саламыз. Ішкі істер органдары бар. Бұдан бөлек, өзіміздің құзыретімізді қолданамыз. Негізі ондай фактілер жоқ емес. Бірақ белгілі бір топтардың әрекеті емес, жосықсыз бәсекелестіктің көрінісі – біреулер тауар жеткізуші ретінде өз орнын сақтап қалуға тырысады. Біз оған қарсы шара қолдана аламыз»

Нәтижесінде импортқа тәуелділіктен арыла алмай отырмыз. Қазақстандықтар сырттан келген азық-түлікті тұтынуға мәжбүр. Ал импортпен келген өнімді сақтау мерзімі де ұзақ, оның балғын болуы да сұрақ тудырады. Тіпті, ұн мен етті де сырттан тасып жатамыз. Ауылды жерлерде жылқы мен қарамал өсіру жаппай қолға алынған. Шаруалар сол малының етін де базарларға өткізе алмай сандалып жүретін деректер де жоқ емес. Біздің шаруалар картоп пен пияз, сәбізді өсіріп ішкі нарықты қамтуда кенже қалып отыр. Жаздың өзінде Пәкістанның көкөнісін, көрші Өзбекстанның жемісін жеп отырамыз. Осылайша Қазақстан импортпен келетін тауарларға жыл сайын 70 миллиард доллар жұмсайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.