0:00 / 0:00
Құрылыстағы былықтар. Ендігі құрылысы аяқталып, қолдануға беріліп, тұрғындары тұрып жатқан үйлердің терезесін орнатқан жұмысшылар екі жыл бойы ақшасын ала - алмай сандалып жүр. Олар Астанада BI Group пен Sensata құрылыс компаниялары салған элиталы тұрғын үйлер мен бизнес орталықтарының жұмысын жасаған. Яғни аталған екі ірі құрылыс компаниясымен «ТКАЧ» Жеке кәсіпкерлігі субмердігердің міндетін атқарады. Құрылыс нысандарының терезелерін орнатуға жалдаған жұмысшылармен келісіп, жұмысын жасатып алады да, бірақ ақшасын бермей қояды.
«ТКАЧ» Жеке кәсіпкерлігі бұл жұмысшыларға жалпы 30 млн теңге қарыз. Екі жыл бойы ақшасын ала алмай жүрген жұмысшылар БАҚ жүгінге мәжбүр болдық дейді. Себебі, олар сотқа жүгіне алмайды.
Субмердігермен ешбір келісімшарт жасаспаған. Ауызша келісім болған. BI Group пен Sensata құрылыс компаниялары болса «ТКАЧ»-ға ақша аударғандарын айтқан.
Өкінішке орай «ТКАЧ» Жеке кәсіпкерлігінің қос директоры Андрей Ткач пен Ербол Кенжиннен сұқбат алу мүмкін болмады. Жұмыс орнында өздерін күтіп тұрған наразы топ пен тілшілерді көрген басшылар сұқбат беруден бас тартты. Андрей Ткач өзін қаумлаған тілшілерге тіл қатпады. Журналистер бір басшыны ұстай алмай жүргенде екіншісі көлігіне мініп, жұмысшының біріп қағып-соғып тайып тұрды. Зардап шеккен Рауан Өмірханов полицияға шағымданамын деп отыр.
Тілшілер қауымы жұмысшыны қағып өткен көліктің видеосын сұрап едік, жергілікті күзет бір-біріне сілтеп бермей қойды.