0:00 / 0:00
Есік қағып тұрған жаңа жылдық шыршаға еліміздің барлық өңірінен балалар келіп қатысты. Салтанатты шарада 100 – ден аса оқушы бас қосты. Шыршаға шақырылған балаларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының балаларға арналған сыйлықтары берілді. Рюкзак ішінде Президенттің құттықтау ашық хаты, планшет, тәттілер және энциклопедиялық кітаптар болды. Жаңа жылдық шыршаға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, балаларды құттықтады.
Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде болған он жасар Кәусар Алмасқызы арнайы өз қолымен 100 раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті. 5 сынып оқушысы бүгінгі шыршадан керемет әсер алдым дейді.
Балаларға елорданың үздік шығармашылық ұжымдары, белгілі іншілер өнер көрсетті. Сонымен өатар «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» спектаклінің қойылымын тарту етті. Шыршаға жиналған балалар бір сәт ертегі әлеміне енгендей болды. Айта кету керек, «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шыршасына үздік оқитын, дарынды оқушылар шақырылған. Тек оқуда ғана емес, спортта, өнерде өзін көрестіп жүрген балалар президенттік шыршадан үлкен әсермен үйлеріне оралады деп сенеміз. Жалпы бұл күні елімізде 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлады.