0:00 / 0:00
Парламенттің қос палатасы қоян жылын маңызды заңдарды қабылдаумен қортындылап отыр. Биыл Парламент 92 заң қабылдады. Олардың ішінде сот жүйесі, прокуратура қызметі, сондай-ақ, әкімшілік реформа мәселелері бойынша конституциялық заңдар бар. Жаңа «Әлеуметтік кодекс» қабылданды. Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару, Қоғамдық бақылау сияқты бірқатар аса маңызды заңдар да осы жылы көрініс тапты. Бұл жылы сенаттың құрамы да едәуір жаңарды. Жыл басындағы сайлаудан соң, сенат өңірлерді дамыту мәселесіне басымдық беру функциясын арқалады. Президенттің Жарлығымен Сенаттың 10 депутаты тағайындалды. Оның бесеуі алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылды. Еске сала кетейік, бұрын мемлекет басшысымен тағайындалатын сенаторлар құрамы 15 болатын. Жылды жоғарғы палата 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы негізгі қаржылық құжатты бекітумен тәмамдады.
Үстіміздегі жылы өткен Парламент сайлауынан соң мәжілістің құрамы да едәуір өзгерді. Парламент төрінен бұрынғыдай үш емес, алты саяси партияға орын бұйырды. Қайта жаңғырған бірмандатты округтерден сайланған депутаттар келді. Бүгінде Мәжіліс түрлі көзқарас пен саяси пікірлер тоғысқан алаңға айналды дейді палата төрағасы. Мәжілісте сессия басталғалы бері Палатаның жұмысында барлығы 106 заң жобасы болды. 35 заң қабылданып, Сенатқа жіберілді. Мемлекет басшысы 26 заңға қол қойды. Соның бірі заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару. Осы заңның арқасында елге 1 триллион теңге көлемінде активтер қайтарылды. Спикер Қошановтың айтуынша, «Ұлттық қор – балаларға» заңы, жер қойнауы туралы заңнамаға түзетулер енгізу де өте маңызды құжаттар есебінде. Мәжіліс төрағасы депутаттық сауалдардың орын маңызды болды деп бағалады рәпетстерінің жұмысын.
Айта кету керек, есік қағып тұрған ұлу жылын парламенттің қос палата депутаттары өңірлерді аралаумен бастайды. Келесі жылдың басынан бастап депутаттардың сайлаушылармен кездесуі жоспарланып отыр.