Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАНДА ҚОС БИЛІК ЖОҚ»

c 01:29, 28/12/2023 c 68

0:00 / 0:00

Осыдан екі апта бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев елордада өткен «Астана клубының» отырысына қатысқанды. Отандық кейбір БАҚ-да тараған ақпаратта бұл жиында Назарбаевтың қыздары Дариға мен Динараның бой көрсеткенін аңғардық. Айтулы отырысқа шетелдік қонақтар да қатысты. Nazarbayev.kz. сайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қақтығыс туралы сөз қозғаған. Экс-президент "еліміз ядролық қарусыздану ісіне елеулі үлес қосты. Мені ядролық апат қаупі алаңдатып отыр. Бұл орайда, жаһандық деңгейдегі саяси ерік-жігерсіз нақты прогреске қол жеткізу мүмкін емес. Өздеріңіз білесіздер, мен 2019 жылы наурыз айында өз еркіммен Қазақстан президенттігінен кеттім, қазір ешқандай лауазым атқармаймын. Алайда саналы ғұмырын еліне қызмет етуге арнаған, қашанда маңызды оқиғалардың ортасында жүрген адам ретінде өзіміз, балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүретін әлемнің жай-күйіне, болашағына әркез алаңдаймын. Жаһандық қақтығыстың алдын алу үшін әлемдік саясатта диалог құрудан басқа жол жоқ екеніне сенімдімін", – деді. Бұл жиыннан соң, Назарбаев көпке ұзамай Ақпарат жоқ. Бірақ экс-президенттің бұл белсенділігін қоғам әртүрлі бағалады. Әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан бұрынғы басшы елдің шаруасына араласа бастады ма?- деген пікірлер айтылып, жазылды. Бүгінгі билік құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген пікір де бар. Қоғамды алаңдатқан сұрақты мәжіліс төрағасына қойдық.

Сондай-ақ, мәжіліс спикеріне «Қазақстан әнұранынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аты алына ма?» деген сауал қойылды.

Өздеріңізге мәлім, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет ауысты. Соңғысы «Менің Қазақстаным» 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн болып қабылданды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның экс- президенті Нұрсұлтан Назарбаев түзету енгізгенді. Осылайша, әнұранымызда Назарбаевтың да авторлық құқы болды. Парламент 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекіткені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.