0:00 / 0:00
Бұл жолғы үкіметтік сағаттың басты кейіпкері сауда министрі Арман Шаққалиев болды. Үш сағатқа созылға жиында депутаттар азық-түлік бағасы, тұтынушылардың құқығы қорғалмай жатқандығы, сауда үйлеріндегі бағаның тым шарықтап кеткені, импортқа тәуелдік туралы айтты. Ал экспортқа тек мұнай мен металл жіберіп отырмыз. Қалған қажеттіліктің бәрі сырттан келеді. Ерлан Сайыровтың айтуынша, елде импорттық тауарлар қаптап кеткен. Ал оның сапасына назар аударып жатқан ешкім жоқ. Қазақстанның Ресеймен көршілес облыстары Ресейге кіру үшін қазақстандық тауарларға техникалық барьер қойып отыр. Ал Ресейде тиым салынған сүт өнімдері біздің елдің дүкен сөрелерінде самсап тұр деп ашуланды мәжілісмен.
Өз кезегінде сауда министрі санитарлық қадағалау органымен тексеріс жүргіземіз деп ақталды. Ал отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге ортадағы делдалдар кедергі жасап отыр дейді депутаттар.
Тағы бір проблема- елде тұтынушы құқығы қорғалмаған дейді мәжіліс депутаттары. Қаралы қаңтар трагедиясына да осы тұтынушылардың жанайқайы себеп болғанын еске салды.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев болса, тұтынушы құқығын қорғайтын заңды келесі жылы қолға аламыз деп ақталды.
Ал жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының шарықтап кететіні бар. Онсыз да бағасы күйіп тұрғанда қазақстандықтардың табысы жаңа жылдық дастарханын қамтуға жетер ме екен? Базар аралаған министр мерекеге жұмсалатын шығын тәбеттеріңіз бен әмияндарыңызға байланысты, - дейді.
Сауда министрі жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы 9,8 пайызға өскенін айтады