Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЕСИЕ БЕРУ ШЕКТЕЛЕДІ

c 14:06, 21/12/2023 c 78

0:00 / 0:00

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтыну кредиттерінің ең жоғарғы сомасына шектеу енгізуді ұсынғанды. Себебі, несиеге батып жатқандар саны күрт өскен. Ұлттық банктің мәліметінше, биылдың өзінде тұтыну кредиттерінің портфелі 9,2 трлн теңгеден асады.Қазақстандықтардың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды. Осылайша 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр. Енді депутаттар оңды-солды несие беруді реттеу керек деп отыр. Ол үшін қарыз алушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына бірқатар өзгеріс енгізілмекші. Мәжіліс қабырғасындағы құжатқа сай кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылу беру маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу, мерзімі өткен кредиттері бар азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу сияқты нормалар қарастырылып отыр.

ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Мерзімі өткен кредиттері бар азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу,90 күннен кешіктірілген барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу, банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуын шектеу, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылу беру маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу енгізіледі».

Депутаттың айтуынша, өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне жалға беруге мүмкіндік беру керек. Ал төлем талабын қойған кезде банк шотында кемінде 2 күнкөріс минимумы мөлшерінде ақша қалдыруды, кредит алудан ерікті түрде бас тартқан азаматтардың кредиттері бойынша борышын есептен шығаруды да ұсынып отыр. Айта кету керек бұл заң жобасы депутаттардың бастамасымен қолға алынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.