0:00 / 0:00
Көлік министрі Марат Қарабаевты тыңдасаңыз, авиация дамып жатыр. Биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 13 млн жолаушыға жеткізу жоспары бар. .Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артып кетіпті. Сонымен қатар әуежайларда қызмет көрсетілген жүктердің көлемі де артқан. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 130 мың тоннаны құрады. Ал әуе тасымалдарына сұранысты арттыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту қажет. Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Осылайша көптің көңілінен шықпай жүрген Алматы әуежайында жағдай реттелмек.
16 халықаралық маршрут ашылып, қайта жанданды. Келесі жылы Куала-Лумпур, Сингапур, Токио және басқа қалаларға жаңа рейстер ашу жоспары бар. Осы салаға келген жеке инвесторлар қазірдің өзінде әуежайларды дамытуға $2,1 млрд-қа жуық қаражат салды. Ендігі кезекте Астана әуежайы арабтардың қоылна өтпек. Астанада БАӘ-ден келген компания ұшу-қону жолағын реконструкциялауды, карго-терминалын кеңейтуді жоспарлап отыр, — деді Әлихан Смайылов. Әуежай инфрақұрылымын қатырғанымен, авииция саласында маман тапшы, ал әуе рейстерінің ұшу қуатынан кешігуі әдетке айналған.
АЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР «Тағы бір өзекті проблема – саланы кадрлармен қамтамасыз ету. Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді. Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа райы ғана себепші емес. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет»
Авиациядағы проблеманың тағы бірі – авиаотын тапшылығы жылына шамамен 300 мың тоннаны құрап отыр. Оны шешу үшін отын жеткізу каналдарын әртараптандырып, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды дамытуды тапсырды үкімет басшысы құзырлы органға.