Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКІМДЕР ҚОҚЫС ҮШІН СӨГІС АЛДЫ

c 00:12, 20/12/2023 c 118

0:00 / 0:00

Қоқыс мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Қоқысты қайта өңдеу, қоқыс тастау мәдениеті толыққанды қолға алынбаған. Ал бірқатар өңір әкімдері болса стихиялық қоқыстардың санын 2 есеге қысқарту мәселесін шеше алмауда. Ал аудандар мен қалалар коммуналдық қалдықтарды реттеу бағдарламаларына әлі кіріспеген. Қоқыс үшін бірқатар өңірдің әкімі үкімет басшысынан сөгіс алды.

Сондай-ақ, қайталама шикізатты тапсырғаны үшін сыйақы беру мен қалдықтарды шығару қызметіне сараланған тариф енгізу және әкімшілік жауапкершілікке тарту сияқты негізгі шаралар қолға алынбақ. Экология министрі Нысанбаев Қазақстанда рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл екі есеге өсетінін айтты.

Ал контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру, контейнерлер мен қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, қалдықтарды қайта өңдеуге бизнесті тарту көзделіп отыр. Министрлік қалдықтарды тиімді басқару үшін халықаралық тәжірибені енгізбекші. 2024 жылдан бастап қалдықтарды басқару жөніндегі арнайы кәсіпорындарды субсидиялау қайта басталады. Бұл орайда министрлік дамыған елдердің қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесін зерттеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.