0:00 / 0:00
Сенаттың дәстүрлі жалпы отырысында қаралған мәселенің бірі - қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі стратегиялық объектілер тізбесін қалыптастыру, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды «алтын акция» үлесі сақталған жағдайда жекешелендіруге рұқсат ету нормаларын қамтитын заңнама болды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қорғаныс саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесін қолға алмақ. Бүгінгі күні Алматыдағы Киров машина жасау зауыты мен Жайық бойындағы зенит зауытын жекешелендіру жоспары бар. Бірақ қазір оған нақты қызығушылық білдіріп отырған инвестор жоқ. Басты мақсат қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың біріне озық технологиялары бар инвестор келіп, қосымша инвестиция салса, заңнамаға соны ескеретін өзгеріс ұсынып отырмыз-деді өнеркәсіп вице-министрі. Оралдағы зенит зауытын жекелендірудегі мақсат ивнесторға осы кәсіпорынға ақша құюды ұсынбақ.
Өз кезегінде сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қорғаныс кәсіпорындарын оңды-солды жекешелендіруде, ұлттық қауіпсіздік мәселесін естен шығарып алмауға кеңес берді. Себебі, мемлекеттік қорғаныс кәсіпорындарының жағдайына байланысты сұрақ көп.
Спикер осындай кәсіпорындарды қолдаудың бір жүйелі тетіктері керек екенін айтты. Ал кәсіпорындар өзімен-өзі жүретін болса, мемлекеттік тапсырыс өзімен-өзі қалыптасып жататын болса, жүйелі жұмыс болмайды дейді Әшімбаев. Дегенмен, сенаторлар аталған заң жобасын мақұлдады.