0:00 / 0:00
30 жылда қара алтынды экспорттап жатқан Қазақстан одан түскен пайданы халық игіліне толық жұмсай алмағаны анық. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы елден алған шикізаттық тауарларды төмен бағамен шығарып, шетелде жоғары бағаға өткізіп келген компаниялардың заңсыз әрекетін әшкерлеп отыр. Қаржы министрі олар алған табысты қалталарына басып келді. Осы деректерді салық бойынша тексерулер кезінде анықтадық деп отыр. Алайда Жамаубаев ол қандай компаниялар, кімге тиесілі екенін атын атап, түсін түстей алмады.
Ал мәжілісмен Перуаше бұл тізімде экс-президенттің жақындары болуы әбден мүмкін дейді.
Қаржы министрі заңсыз активтердің кімдерге тиесілі екенін айта алмаса да, қай аймақтарда жатқанын атады. Ол - АҚШ пен Вергин аралдары. Ал бүгінгі күнге дейін 1 триллионға жуық заңсыз активтер қайтарылған.
Мәжілісмен Перуашевтің айтуынша, шетелде жатқан заңсыз қаражатты өз еркілерімен қайтармаса ол қаражатты сол ел тартып алады. Мысалы, Ұлыбританияда қомақты қаржыны, ұшақтар мен зәулім үйлерді сатып алуға қаржы қайдан келгенін дәлелдей алмаса, ол капиталды тәркілеп алады. Яғни шетел асқан заңсыз активтердің соңына Қазақстан ғана түсіп жатқан жоқ. Біздің арнайы комитет жылдам қозғалмаса, үлгермей қалуымыз да мүмкін дейді депутат. Ал оффшорлық аймақтарда жатқан заңсыз капиталдың көлемі 200 млрд долларға жуықтап қалды.
Алайда, вице-премьер бұл сома да нақты емес деп отыр.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек жыл сайын Қазақстаннан 200 млн доллар капитал (сыртқа) шығарылады деген мәліметті алға тартты. Соның ішінде Кайман, Сейшел аралдары бар. Тіпті олармен келісімшарт жасалмаған. Яғни бұл аймақтардан елдің ақшасын қайтару қиындауы мүмкін. Вице-премьер шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша Бас прокуратураның арнайы комитеті жұмыс істеп жатыр деп ақталды.