0:00 / 0:00
Қыс кешігіп келсе де еліміздің жылу беру орталықтары толық дайын болмай шықты. Өткен аптаның демалысында еліміздің бірнеше қаласында жылу беруге қатысты проблема туындағанды. Ақтау, Риддер, Балқаш, Теміртау, Көкшетау, Бурабай және Екібастұз қалаларының жылу электр орталықтарында ақау болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл апаттар жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтардан орын алған деді.
Министрдің айтуынша, аталаған ЖЭО бойынша температуралық режим толық көлемде қалпына келтірілді. Қазіргі таңда барлық тұтынушылар жылуға қосылған. Сондай-ақ, Сәтқалиев жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін үкімет резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздеріне, Көкшетау қаласының қазандығына күрделі жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға және қажетті жабдықтарды сатып алуға 21,5 млрд теңге бөлінді. Осылайша қылышын сүйреп қыс келгенде тағы да жылуға қатысты проблема туындады. Өз кезегінде үкімет басшысы әкімдер мен құзырлы министрлер еліміздегі жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек деді.
Қазір елде 19 Жылу Электр орталығы әбден тозған.