Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«30 БАЛА АУЫР ХАЛДЕ ЖАТЫР»

c 15:32, 29/11/2023 c 74

0:00 / 0:00

Қызылша өршіп барады. Үкіметте есеп берген еліміздің бас дәрігері Ажар Ғинияттың айтуынша, қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан аса төсек орны ашылды. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылды, төсек орны 60 пайызға жетті. Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркістан облыстары қызылшамен тіркелген науқастар саны бойынша көш бастап тұр. Бүгінгі дерек бойынша республикада 17 мың адам қызылша жұқтырса, соның 82 пайызы балалар. Ал сол балалардың 83 пайызы қызылшаға қарсы вакцина алмағандар. Министр 30 бала жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр дейді.
Министрдің көңіл қоншытпайтын есебін тыңдаған премьер-министр қызылшаға қарсы екпе жасау жұмысын күшейтуді жіті тапсырды. Себебі қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді дейді ол.

Бүгінде ата-аналар баланың вакцина алған, алмағанын емханадан біле алады. Ол жерде әрбір баланың вакцинация паспорты жүргізіледі. Ал профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы екпені екі рет алады. Біріншісі балаға 1-1,5 жасында, ал ревакцинация 6 жаста жасалады. Қазақстанда қызылшаға қарсы жасалатын вакцина Үндістанда шығарылған. Дәрігерлер бұл екпені 2012 жылдан бері пайдаланып келеміз дейді. Қызылша - ең жылдам жұқпалы ауру. Вирус негізінен ауа тамшылары арқылы таралады. Қызылшаның белгілері ретінде дене қызуы, тұмау, көздің қабынуы және жөтелді айтуға болады. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. Ал 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен денесінде бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Ол 5 күннің ішінде шығып болады. Мамандар бұл вирустан тек екпе арқылы ғана қорғана аламыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.