Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІ АШЫЛАДЫ

c 14:09, 28/11/2023 c 113

0:00 / 0:00

Еліміздің оңтүстік өңірінде құрылысы басталған Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі транзитаралық жүктердің тасымалын арттырады деген жоспар бар. Қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Бұл ірі инфрақұрылымдық жоба болып отыр. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу бекеті ашылады.

Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы екі кезеңге бөлінеді. Ең алдымен «Сырдария» станциясына шығатын Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Ердаут – Мақтаарал желісін салу көзделген. Содан кейін Жетісай – Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы тармағын пайдалануға беру жоспары бар. Барлығы 152 км теміржол төсемі салынады. Жоба үшін 19,7 мың тонна рельс, сондай-ақ 280 мың темірбетон шпал мен рельс бекіткіш сатып алу жоспарланып отыр. Жаңа теміржол құрылысы жұмыс орндарын құруға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту үлесі 85%-ды құрамақ.

Үкімет басшысының айтуынша, өткен жылы теміржолдармен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданып, 245 млрд тонна-километрді құраған. Әлемдегі геосаяси жағдайларға және инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан бұл көрсеткіш биыл да сақталып отыр. Ал өткен аптада экспорт мәселелерін талқылауда бизнес қауымдастығы вагондармен қамтамасыз етудің нақты жоспарының жоқтығы экспорт процесіне кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан тауар өндірушілер өз өнімдерін сата алмайды дегенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.