Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР БЕРІЛМЕЙДІ»

c 21:05, 24/11/2023 c 123

0:00 / 0:00

Еске сала кетейік, өткен аптада елордада баспасөз маслихатын өткізген әкім Нариман Төреғалиев қытайлықтар қазақстандық әріптестерімен бірге мал етін өңдейтін зауыт салуға ниет білдірдіп отырғанын айтқанды. Бұл кәсіпорын ақбөкен мен ірі қара мал етін толық өңдеуді жоспарлап отыр. Біз олардың ұсынысын тыңдап, өз шарттарымызды ортаға салдық. Компания аймақта тіркелуі керек, сәйкесінше барлық салық шегерімдері аймақ бюджетін толықтырады. Екінші жағынан халыққа жұмыс болады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ деген жауап қатқанды. Қытайлықтар 100 мың гектар жер сұрап жатыр дегенді әкім.

Алайда, әкімнің осы мәлімдемесі қоғамда қызу талқылануда. Батыс өңірінің халқы қытайлықтарға жер беруге қарсымыз деп жаппай үндеу жариялап жатыр. Халықтың назы үкіметке де жеткен сияқты. Премьер-министр шетелдіктерге жер беру сияқты ешқандай мәселе қаралып жатқан жоқ, қаралмайды да деді.

Қазақстанның Жер кодексінде шетелдіктерге, шетелдік компанияларға немесе шетелдіктердің қатысуымен қазақстандық компанияларға ауыл шаруашылық жерлерін меншікке де, жай пайдалануға беруге де тыйым салынған. Ондай құқық тек қазақстандықтарда бар деді үкімет басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.