0:00 / 0:00
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде ұстаздар қауымның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың қызметінен кетуін талап еткен ашық хаты жария болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың атына жолданған хатта мұғалімдер қазіргі мнистрдің ісінен сөз көп екенін айтқан. Тіпті олар Бейсенбаевтың жұмысына көңілі толмайтындарын, шағын мектепті басқаратын деңгейі жоқ екенін көрсетіп жазған. Сондай-ақ, министр осы қызметке келгелі түбегейлі ауыс-түйіс жасады, тіпті бас маманға дейін қызметінен кетірген деп көрсеткен. Олардың сөзінше аттестация тапсырудың қиындау мәселесі шешілмей отыр. Бұлай кете берсе, еліміздің болашағы үшін аса маңызды сала – ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей қатысты сала оқу-ағарту ісіндегі соңғы жылдары жасалған оң өзгерістер құрдымға кетеді, – делінген ашық хатта. Ұстаздардың талабынан министрдің хабар бар екен. Алайда, Бейсенбаев өз еркімен қызметінен кетпейтінін, бұл мәселені президент шешетінін айтты.
Осылайша, бір топ мұғалімнің сынына іліккен оқау-ағарту министрі аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтардың талабына сай келетінін айтады. Ғани Бейсенбаевтың айтуынша, керісінше аттестация мәселесі жеңілдетілді. Оқушының жетістігі арқылы мұғалімнің жетістігі бағаланатын болады. Бұған дейін аттестация негізінен мұғалімдердің портфолио жинауына, өзінің жетістіктеріне ғана негізделген еді. Біз сынның бәрін жаңа ережеде ескердік. Сондықтан мұнда біз балаларға сапалы білім беруді, саналы тәрбие беруді көздейміз. Аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтардың талабына сәйкес келеді, - деген жауап қатты министр.