Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЙЕЛ МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАЙТЫН ҚАТАҢ ЗАҢ КЕРЕК

c 20:12, 16/11/2023 c 68

0:00 / 0:00

Педофильдерден зардап шеккен, салдарынан қайтыс болған балалар, күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер, тіпті күйеуінің қолынан мерт болғандарға қатысты қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар көбейіп кетті. Ана мен баланы қорғайтын заң бар-ау. Бірақ оның талаптары тым жұмсақ дейді сарапшылар. Еске сала кетейік, 9 қараша күні экс-министр Қуандық Бишімбаев Астанадағы "Bau" мейрамханасында әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге шегіп алғаны туралы хабарланды.

Депутаттар балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін «әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне» арналған заң жобасын шұғыл әзірлеп, осы жылдың қыркүйегінде үкіметке жолдағанды. Алайда министрлер кабинеті бұл маңызды жобаны қабылдауға асықпай отыр дейді Сүлейменова.

30 жасында өмірі үзілген Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін зорлық-зомбылық көрген әйел азаматтары әлеуметтік желіде флэшмоб өткізіп жатыр. Олар әйелдерді қорғайтын қатаң заң қабылдауды талап етуде.

Әйелдерін ұрып-соғатын еркектерді тек қатаң жазамен ғана тәубесіне келтіру мүмкін бе? Заң қатаңдатылса, отбасындағы зорлық-зомбылық тыйыла ма? -деген сұрақтар туындайды.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Тәрбие негізі отбасынан басталады. Бала ата-анасының қарым-қатынасына қарап өседі. Ұяда көргенін қоршаған ортасында жасайды. Әйелге қол көтеру еркекке абырой бермейді. Тек әлсіз еркек ғана әйелге қол жұмсайды»

БҰҰ-ң 2019 жылдағы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан өлім құшады. Әйелдердің бәрі бірдей күйеуінен әлімжеттік көргенін айтып, полицияға шағымдана бермейді. Себебі, отбасында күйеуі жан-жал шығарып жатса уақытша қамауға алында да үйіне қайтып оралады. Айта кету керек, әйелін өлтірді деп күдікке ілініп отырған экс-министр Бишімбаевтың ісі Президенттің назарында. Ақордада ішкі істер министрі, бас прокурор және жоғарғы сот төрағасымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.